Бөбекжай-балабақша туралы
БІЗДІҢ ТАРИХЫМЫЗ
«Junior kids» – балалық шақтың бақытты мекені
ЖК Кульмагамбетов «Junior kids» жекеменшік бөбекжайы – бүлдіршіндердің сапалы білім алып, тәлім-тәрбие көріп, шығармашылық қабілеттерін дамытуына жағдай жасайтын заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымы.
Бөбекжайымыздың тарихы 2020 жылдың 3 ақпанынан бастау алады. Ақтау қаласында құрылған «Junior kids» бөбекжайы өз жұмысын балаға деген сүйіспеншілік пен үлкен жауапкершілікке негіздеп, кішкентай тәрбиеленушілерге жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруды басты мақсат етіп келеді.
Біздің басты құндылығымыз – бала. Әр бүлдіршіннің бойындағы ерекше қабілетін танып, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік беру – ұжымымыздың негізгі міндеті.
Бөбекжайда балалардың танымдық қабілетін арттыруға, шығармашылығын дамытуға, қоршаған ортаны танып-білуіне және өзара сыйластық пен достық қарым-қатынас қалыптастыруына ерекше көңіл бөлінеді.
«Junior kids» – әр баланың арманына қанат бітіретін, алғашқы білім мен тәрбиенің алтын бесігі. Бөбекжайымыздың қалыптасуы мен дамуына басшылық жасап отырған . Оның ұйымдастырушылық қабілеті, бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі мен ұжымға деген сенімі «Junior kids» бөбекжайының алға қойған мақсаттарына жетуіне ықпал етіп келеді. Біз үшін әр күн – жаңа мүмкіндік. Әр бүлдіршіннің жетістігі – біздің еңбегіміздің нәтижесі. Балалардың шат күлкісі мен жарқын жүздері – біздің ең үлкен қуанышымыз.
Бөбекжайда балалардың танымдық қабілетін арттыруға, шығармашылығын дамытуға, қоршаған ортаны танып-білуіне және өзара сыйластық пен достық қарым-қатынас қалыптастыруына ерекше көңіл бөлінеді.
Біздің ұстанымымыз:
«Әр бала – бір әлем. Әр баланың әлеміне жылулық пен мейірім сыйлау – біздің басты міндетіміз!» Біз өткенімізді құрметтеп, бүгінімізді бағалап, болашаққа сеніммен қадам басамыз. «Junior kids» – бақытты балалық шаққа бастар алғашқы қадам!
Неге сүйенеміз
Қауіпсіздік
Бейнебақылау, штаттағы медқызметкер, жұмсақ жабынды қауіпсіз аула.
Бейімделу
Ата-анамен бірге жүретін жұмсақ бейімделу жоспары — көз жассыз.
Дамыту
Монтессори элементтері, 3 жастан ағылшын тілі, шығармашылық шеберханалар.
Серіктестік
Ата-аналармен ашық байланыс: есептер, кеңестер, чаттар.